^

foto1 foto2 foto3 foto4 foto5

Өскемен қаласы әкімдігінің №18 «Еркетай» балабақша-бөбекжайы КМҚК «Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету» 2010 - 2020 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасы аясында  06.02.2012 жылы ашылды.

Жобалық қуаттылығы 120 орын, жас ерекшеліктеріне қарай 5 топ жасақталған. Балабақшада тәрбиелеу және білім беру жұмысы мемлекеттік тілде жүргізіледі.

№18 «Еркетай» балабақша-бөбекжайы нормативтік құқықтық құжаттарды басшылыққа ала отырып, келесі міндеттерді жүзеге асыруда:

-       балалардың денсаулығы мен психикасын нығайту;

-       рухани және адамгершілік негіздерін қалыптастыру;

-       балалардың жеке қабілеттері мен дарындылықтарын дамыту;

-       әрбір баланың жағымды көңіл-күйін қамтамасыз ету, жағымды өзін-өзі

сезінуін дамыту;

    Біздің балабақшамызда  білікті тәрбиешілер, мамандар- педагог-психолог,

музыка жетекшісі, ағылшын тілі мұғалімі, орыс тілі мұғалімі, бейнелеу өнері мұғалімі хореограф және  дене шынықтыру нұсқаушысы қызмет етеді.

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын  Стандарт талаптарына сәйкес және  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде жұмыс атқаруда.

    Балабақшаның материалдық базасы заманауи талаптарға сай жасақталған. «Ой- ойна», психология, мультимедиа кабинеттері, асхана, дәрігерлік қызмет түрлері толық жабдықталып қамтылған.

 

    Жыл көлемінде ата-аналармен ынтымақтастықты нығайту мақсатында түрлі іс-шаралар, көрмелер, сайыстар ұйымдастырылып отырады.

 

 

12222341222f234

 

1222f2f341222f2ff34

 

1222df2ff3412s22df2ff34

1222df2ff3412s22df2ff34

istanbul escort bayan